ЖаңалықтарСаясат

ШЫМКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу бүкіл халықтың еркі мен пікірін білдіруіне мүмкіндік береді.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының төрағасы Еркін Сатқанбаев мәлімдеді.

–Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған түбегейлі реформалар қолға алынып жатыр. Бұл істің нәтижелі болуы үшін, ең алдымен, оның құқықтық негізін жасақтап алу шарт. Осы орайда Ата Заңымыздың 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Тиісінше, Президент конституциялық реформаны республикалық референдум өткізу арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Бұл – бүкіл халықтың еркі мен пікірін білдіруіне мүмкіндік береді, – дейді Е.Сатқанбаев.

Референдумның Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері және өзгелер еніп отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес референдум 2022 жылғы 5 маусымда өткiзiлетін болып белгіленді.

«Шымкен келбеті» – Айдар ҚҰЛЖАНОВ.

ШЫМКЕНТТЕ «АЙБЫНДЫ ЖАУЫНГЕР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ШІРКЕЙДІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *