ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ «АЙБЫНДЫ ЖАУЫНГЕР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Айбынды жауынгер» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған шараның аясында Қазақстан Қарулы күштерінің тарихына арналған танымдық фотокөрме көрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қала тұрғындар Шымкент әскери гарнизонының базасындағы әскери техника және қару-жарақ үлгілерін тамашалай алады.
Мерекеге орай жауынгерлер Қазақстан Республикасының отыз Мемлекеттік Туын алаңнан шерулетіп алып өтеді. Сондай-ақ, көрермендердің назарына ұлттық және заманауи үлгідегі ұрыс тәсілдерін паш ететін сахналық қойылымдар, Шымкент әскери гарнизоны сарбаздарының жаттығулары мен патриоттық әндерден концерт ұсынылады. Сонымен қатар алаңға жиналған көпшілікпен интерактивті ойындар да ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

О награждении государственными наградами Республики Казахстан

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *