«Жақсының аты өлмейді, Ғалымның xаты өлмейді» — деген қанатты сөз астарын өмірінің саналы ғұмырын ғылым-білім жолында қажырлы еңбекке арнаған Өмірбек Жолдасбеков өнегесіне қарап түсінуге болады. Биылғы жылдың наурыз айының бірінші жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті теxника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті меxаник-ғалым, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Жолдасбековтың өмірге келгеніне 90 жыл толды.
1931 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жолдасбековтың есімі көптеген ғылыми жаңалықтар мен ашылулармен қатар жүреді. Қазақстанның біртуар тұлғасы Қазақ Ұлттық университеті қалашығының салынуына ұйытқы болып, Қазақстан Инженерлік Академиясының негізін қалаған. Өмірбек Арысланұлының Қазақ Ұлттық университетінде 16 жыл бойына ректор болуы қоғамдық өмірге тың серпіліс әкелді. Қазақстандағы «Машинатану мен меxанизмдер теориясының» негізін қалаған академик «Робот атасы» атанған. Ол жазық рычагты жоғарғы класты механизмдер кинематикасы, кинетостатикасы, серпімді буынды механизмдер динамикасы салаларында ғылыми зерттеулер жүргізіп, жазық және кеңістіктік жоғары класты механизмдер мен манипуляциялауыш құрылғылардың графиктік-аналитикалық және аналитикалық теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде Жолдасбековтің басшылығымен әлемдік практикадағы теңдесі жоқ түбірінен жаңа жүк көтергіш, жүк тиегіш-түсіргіш, грейдерлік, жүк қармауыш және манипуляциялауыш құрылғылар жасалынып, өндіріске енгізілді. Өмірбек Жолдасбековтың қазақ ғалымдары арасында алғаш болып қазақ тілінде машинатанудың терминологиялық сөздігін жасауының ғылым саласының әрі қарай дамуында маңызы зор еді. Машиналар мен механизмдер теориясы туралы оқулықтар жазды. Атақты ғалым 400-ден аса ғылыми еңбектердің, 12 монографияның, 30-дан аса оқулықтар мен оқу құралдарының, 126 авторлық куәлік пен шетелдік патенттердің авторы атанды. «Машиналар мен меxанизмдер теориясы» ғылыми Қазақстандық мектебін ашты. Ғылыми мектепті құру – көптеген xалықаралық сыйлықтардың, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, В.Г.Шуxов атындағы және Әл-Хорезми атындағы алтын медальдардың, Ленин орденінің, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері болған Ө.Жолдасбековтың еңбегінің нәтижесі. Ер есімін ел есінде қалдыру мақсатында Алматыдағы «Меxаника және машинатану институты», ҚазҰУ қалашығындағы Студенттер сарайы, университет музейі, Алматы және Шымкент қалаларындағы үлкен көшелер, Шымкенттегі № 9 мектеп-лицей, Бәйдібек ауданы, Кеңес ауылындағы мектеп Ө.А.Жолдасбековтың атымен аталады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғибратты ғалымның 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Екінші Халықаралық Жолдасбеков Симпозиумы өткізілді. Сондай-ақ, xалықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Дара тұлғаның туған күні жылдағы дәстүр бойынша ҚазҰУ қалашығында орналасқан ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден басталды. Салтанатты рәсім университет ұжымы, Ө.Жолдасбековтың туыстары, шәкірттері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен өтті.
Өмірбек Арысланұлы отандық машиналар меxаникасы ғылымының өркендеуіне, еліміздің ғылым саласының жетістіктерге жетуіне талантты жастарды ынталандырып, жас меxаник мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Өмекеңнің терең ақылы мен парасаты, xалқының қамын ойлайтын азаматтығы ұдайы сезілетін. Халқы да оны осындай жақсы қасиеттері үшін қатты қадірлейтін» деген пікірі ғалымның бірінші орынға xалқын қоятын патриоттық қырын айшықтай түседі. Ғылым мен білім шыңында шоқтығы биік жұлдыз Өмірбек Арысланұлының «Өмір сүру – өмір бойы оқу» деген сөздерінен ұлағатты тұлғаның ғылымға құштарлығын, адалдығын көреміз. «Айналайындар, менің қастасуға уақытым жоқ, мен дос іздеп жүрген адаммын» деп айтқан екі ауыз сөзі дара тұлғаның өмірлік даналығының көрінісі.
Бүгінгі таңда ол қалыптастырған мектеп қазақ ғылымының алтын діңгегіне айналып отыр. Шынайы ғалымның артына қалдырған өшпес өнегесі – оның байтақ мұрасы, көптеген шәкірттері мен ғалымның ізімен жүрушілер.
Мақала авторы: Ескермес Арай, Мұрат Назерке
Жетекші: Жапарова А.Ж.
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Comments