Жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс IV конференциясы өтті. Жиынға партия өкілдері, өңірлік филиалдардың басшылары мен конференция делегаттары қатысып, алдағы кезеңнің басым бағыттарын талқылады. Конференция жұмысына облыстық партия филиалының төрағасы Алмас Салимов жетекшілік етті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі – партияның Түркістан облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Бағдарлама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, халықты толғандырған өзекті мәселелерді шешуге және азаматтардың ұсыныстарын нақты бастамалар арқылы жүзеге асыруға бағытталған. Талқылау қорытындысы бойынша сайлауалды бағдарлама делегаттардың бірауыздан қолдауымен бекітілді.
Сонымен қатар, конференцияда Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттарды ұсыну мәселелері қаралды. Ұсынылған кандидатуралар талқыланып, тиісті тізімдер бекітілді.
Жиын қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып, кандидаттар тізімдерін белгіленген тәртіппен аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну туралы шешім шығарылды.
Конференция партияның өңірлік міндеттерін айқындап, алдағы сайлау науқанына дайындықты пысықтауға мүмкіндік берді. «Әділет» партиясы үшін басты басымдық – қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту, халықтың сенімін нақты іспен ақтау және өңірдің өркендеуіне бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру.«Әділет» партиясының

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Алдыңғы

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *