Жаңалықтар

ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Сауран ауданының Ынталы елді мекенінде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз сөйлеп, жаңа нысанның ауыл тұрғындары үшін маңызына тоқталды. Кешен балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және спорттық қабілетін шыңдауына мүмкіндік береді. Ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов та құттықтау сөзін арнап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді.
Жалпы аумағы 1 020 шаршы метрді құрайтын спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлерімен шұғылдануға жағдай жасалған. Жаңа кешен ауыл тұрғындарының спортпен айналысуына қолжетімді мүмкіндік ұсынып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосады.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *