Қоғамда еңбек культін қалыптастыру, әрбір азаматтың адал маңдай терімен табыс табуына жағдай жасау және масылдық көңіл-күйден арылу – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Жұмыссыздықты азайту мен тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде заманауи цифрлық платформалардың атқаратын рөлі орасан зор. Осы бағытта Enbek.kz порталы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстыратын тиімді бірыңғай электрондық еңбек биржасы ретінде жемісті қызмет етіп келеді.
Портал азаматтарға өзінің кәсіби біліктілігіне сәйкес лайықты жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге білікті мамандарды іріктеп, бос жұмыс орындарын ашық әрі жедел толтыруға зор мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілер үшін ұсынылатын мүмкіндіктер:
-
Бос жұмыс орындарын Enbek.kz порталына кедергісіз әрі тегін орналастыру;
-
Жарияланған бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақтылы жаңартып отыру;
-
Қажетті біліктілікке, білімге және тәжірибеге ие мамандарды іздеу және жұмысқа қабылдау.
Заңнама талаптарын сақтау – басты міндет!
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олар туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасына орналастыруға міндетті. Заң талаптарын орындау еңбек нарығының ашықтығын сақтауға септігін тигізеді.
Жұмыс іздеуші азаматтар үшін артықшылықтар:
-
Қаладағы барлық қолжетімді бос жұмыс орындары туралы шынайы ақпарат алу;
-
Білімі мен кәсіби дағдыларына сәйкес лайықты еңбек орнын таңдау;
-
Жеке түйіндемені (резюме) порталға орналастыру;
-
Жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, сұхбаттасуға шақыру алу.
«Патерналистік психологиядан арылып, дайын жәрдемақыға сүйенбей, өз еңбегімен табыс табу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Enbek.kz сияқты мемлекеттік цифрлық алаңдар азаматтардың еңбекке орналасып, қоғамның белсенді мүшесіне айналуына толық жағдай жасайды.»
Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Enbek.kz порталында 1 799 хабарландыру аясында 3 647 бос жұмыс орны белсенді жарияланған.
Өзіңізге лайықты жұмыс іздесеңіз немесе мекемеңізге білікті мамандарды жұмысқа қабылдағыңыз келсе, Enbek.kz электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланыңыз!













Comments