ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

ЖЕТІСАЙДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтіп, онда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстар сараланды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков төрағалық етті.
Күн тәртібінде пробациялық бақылауда тұрған сотталғандарға 2026 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмек, пробация есебінен өткен азаматтардың жағдайы, сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтар мен бөлінген квотаның орындалу барысы қаралды.
Отырыста Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жетісай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры Нартай Сабаев баяндама жасап, аудан көлемінде пробация есебінде тұрған азаматтармен жүргізілген жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет берді. Нартай Сабаевтың айтуынша, жыл басынан бері пробация қызметінің есебінен 236 адам өткен. Қазіргі таңда есепте 159 азамат тұрса, 77 тұлға есептен шығарылған. Есепте тұрған азаматтардың қайта әлеуметтенуіне жағдай жасау бағытында 34 сотталушы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Түркістан облысы әкімінің қаулысымен бекітілген пробация есебінде тұрған азаматтарға арналған 20 орындық квотаның 12-сі орындалып, сотталған азаматтарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, жиында баяндама жасаған аудандық «Мансап» орталығының сектор меңгерушісі Қуаныш Жаңабаевтың мәліметінше есепте тұрған азаматтарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және еңбек арқылы жауапкершілігін арттыру, қолдау мақсатында 10 азаматқа 10 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұдан бөлек, 12 азаматтың отбасына демеушілер есебінен азық-түлік себеттері таратылса, 60 азаматқа тегін медициналық және психологиялық көмек көрсетілген.
Пробация есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыру мен қайта құқық бұзушылыққа бармауына ықпал ету жолдарын қарастырған жиын барысында жаза өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға қатысты қолданылған шаралар да айтылды. Атап айтқанда, 30 сотталғанға ескерту беріліп, 5 адамға қатысты енгізілген ұсыным нәтижесінде 4 азамат бас бостандығынан айыру орындарына жіберілген. Алты ай ішінде сотталғандар тарапынан 2 қылмыс қайта жасалып, 5 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен сот қаулысы шыққан. Одан бөлек, пробация есебіндегі азаматтарды бақылау тетіктерін жетілдіру мақсатында аудан әкімдігі тарапынан 40 сотталушыға электрондық браслет сатып алуға 10 миллион теңге қарастырылған.
Жиын барысында консультативтік-кеңесші орган мүшелері пробация қызметіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету және қайта қылмыс жасаудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *