Жаңалықтар

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне арналған ауқымды іс-шара өтті

2026 жылғы 26 маусым күні Шымкент қаласындағы «Shymkent City» саябағының амфитеатр алаңында Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне арналған кең көлемді концерттік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Іс-шара барысында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткен республикалық профилактикалық айлықтың қорытындылары шығарылды. Бір ай бойы Шымкент қаласында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері мен еріктілердің қатысуымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылды.

Салтанатты жиында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев, Шымкент қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Бекжан Батырбекұлы Құлатаев және Шымкент қаласының «Психикалық денсаулық орталығы» бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бағдат Бакулаевич Идияев сөз сөйлеп, есірткіге қарсы күресте қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара аясында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамдық белсенділік танытуға үлес қосқан азаматтар Шымкент қаласы Полиция департаментінің, Прокуратураның және «Психикалық денсаулық орталығының» алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, жастар арасында ұйымдастырылған сурет байқауының жеңімпаздары арнайы марапаттарға ие болды.

Мерекелік бағдарлама концерттік қойылымдармен жалғасып, көрермендерге шығармашылық ұжымдар мен эстрада әншілерінің өнері ұсынылды. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан оркестрінің концерті, арнайы жасақ қызметкерлерінің жекпе-жек элементтері көрсетілген қойылымы, кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттер қатысқан көрсетілімі, каратэ және кикбоксинг спортшыларының өнерлері ұйымдастырылды. Көрермендер арасында танымдық Quiz ойыны өткізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Шара соңында барлық қатысушылар есірткіге қарсы күресте қоғамның жауапкершілігін арттырудың маңызын атап өтіп, «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранын бірге айтып, жастарды салауатты өмір салтын таңдауға үндеді.

Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы алдын алу жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.

Жастар таңдауы-есірткісіз өмір” тақырыптық сурет байқауында
1-орын және 150 000теңге қаржылай сыйлықпен Бақытұлы Сұлтанбек
2-орын және 100 000теңге қаржылай сыйлықпен Есполатқызы Нұрсұлу мен Еренбай Нұрайым
3-орын және 50 000теңге қаржылай сыйлықпен Алтынбек Анула, Тоқташ Толғанай, Ерғазы Жәния марапатталды.

 

Народная Конституция выступает в силу 1 июля

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *