Жаңалықтар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ БАСА МӘН БЕРІЛУДЕ

Шымкент қаласында шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, биыл республика бойынша суға бату деректері тіркеліп отыр. Оның ішінде жасөспірім балалар да бар. Ал Шымкент қаласында 2026 жылдың басынан бері су айдындарында жазатайым оқиға тіркелмеген.

Қазіргі таңда қала аумағында жаппай демалыс пен су спортына арналған 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде 3 жерде суға түсуге рұқсат берілген. Сонымен қатар, 20-ға жуық аквасаябақ пен бассейн халыққа қызмет көрсетуде.

Жыл басынан бері құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп 101 рейд өткізіп, 13 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Қауіпсіздік ережелері бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, LED экрандар және 112 қызметі арқылы тұрғындарға тұрақты түрде ескертілуде.

Мамандар азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда шомылып, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Толығырақ: https://youtube.com/live/cWfGFj_x-y8?feature=share

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

МАМАНДАР ЕСКЕРТЕДІ: ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Алдыңғы

Президент: Алтын Орданың қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *