ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамМәдениетТарих

Президент: Алтын Орданың қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен келген тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Президент өз сөзінде Алтын Орда тарихының адамзат өркениетіндегі ерекше орнына тоқталды. Оның айтуынша, Алтын Орда Еуразияның ұлан-ғайыр аумағында билік құрған қуатты империя ретінде Батыс пен Шығысты байланыстырып, түрлі мемлекеттер мен өркениеттердің дамуына зор ықпал еткен.

Мемлекет басшысы бұл тақырыптың әлі де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.
«Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық. Дегенмен бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, меніңше, ешқашан жоғалтпайды», – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға арнайы келген шетелдік ғалымдар мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс білдіріп, олардың баяндамалары мазмұнды әрі маңызды болғанын айтты.

«ОТБАСЫНДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Алдыңғы

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің маңызды жобаларына қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО басшылығына алғыс айтты

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *