Жаңалықтар

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ДУЛАТ ӘБІШ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ 


Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,»Айғақ» телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі білім беру және денсаулық сақтау салаларының жай-күйімен танысты. Халық қалаулысы өзекті мәселелерді жергілікті жерде зерделеп, тұрғындар мен сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сапар аясында депутат Төрткүл ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекеніндегі «Қызылжар» жалпы білім беретін мектебінің ұжымымен кездесті. Айта кетерлігі, бұл нысанның құрылысы бірнеше жыл бойы тоқтап, күрделі мәселеге айналған болатын.

Депутаттық бақылау мен тиісті деңгейдегі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде құрылыс қайта жанданып, бүгінде 300-ден астам оқушы заманауи мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрниязбен бірге педагогтардың мәртебесі, мектеп қауіпсіздігі және білім берудегі реформалар талқыланды. Дулат Әбіш ұстаздардың еңбек жағдайы мен мектептің ішкі мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Халық қалаулысының келесі аялдамасы Бөген ауылдық округіндегі «Бөген» дәрігерлік амбулаториясы болды. Мұнда депутат медициналық мекеменің жұмыс барысымен танысып, ақ халаттылармен жүздесті.

Талқылаудың өзегі — ауыл дәрігерлерінің әлеуметтік жағдайы мен тұрғындарға көрсетілетін алғашқы көмектің сапасы болды.

Ауылдық жердегі мамандардың тұрмыстық және кәсіби жағдайын жақсарту, медициналық мекеменің материалдық базасын нығайту мәселелері қаралды.

«Ауыл медицинасын дамыту және дәрігерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау — біздің басты міндетіміз. Халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы әрдайым бақылауда болады», – деп атап өтті Дулат Әбіш.

Облыстық мәслихат депутатының бұл сапары өңірдегі қордаланған мәселелердің шешімін табуға бағытталған. «Айғақ» телекомпаниясын басқара отырып, ақпарат айдынында да, депутаттық қызметте де ел мүддесін қорғап жүрген Дулат Әбіш халықтың игілігіне бағытталған мұндай жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

Прозрачность и ответственность в жилищной сфере: в Шымкенте прошел форум «TURGYNDAR AMANATY»

Алдыңғы

Әскери қызметшілер Отбасы күнін шаттыққа толы пикникпен атап өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *