
Бүгін, 13 мамырда Шымкент қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасын түсіндіруге бағытталған ауқымды медиатренинг өз жұмысын бастады.
Жиынның ресми бөлімін Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев ашып берді. Ол өз сөзінде бұл жобаның басты мақсаты тек құбырларды жаңарту емес, ең алдымен халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру екенін атап өтті.
Жиынның алғашқы сағаттарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, энергетикалық қадағалау және жобаларды қаржыландыру тетіктері талқылануда.
Спикерлер құрамында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Энергетика министрлігі, «Бәйтерек» холдингі мен ТҮКШ орталығының басшылары баяндама жасайды.
Өңірлердегі, соның ішінде Шымкенттегі инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету және тариф саясатының ашықтығын қамтамасыз ету.
Бағдарлама бойынша мемлекеттік орган өкілдері мен БАҚ қызметкерлері арасында ашық диалог орнап, панельдік талқылаулар өтеді. Мұндай шаралар энергетика саласындағы күрделі реформаларды халыққа қарапайым тілмен жеткізуге септігін тигізері анық.












Comments