Жаңалықтар

Ақмола облысында 673 қызмет алушының құқығы қорғалды

 Полиция басқармасы кәсіпкерлік субъектісіне «Қазақстан Республикасында уақытша тұруға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартқан. Осыған байланысты кәсіпкер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жүгінді.

          Тексеру барысында қызмет беруші жоғары тұрған органның тапсырмасына сілтеме жасай отырып, кәсіпкер жұмысқа орналастырғысы келген Еуразиялық экономикалық одақ азаматтарынан медициналық сақтандыруды заңсыз талап еткені анықталды.

          Дегенмен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларында Еуразиялық экономикалық одақ азаматтарынан медициналық сақтандыруды талап ету қажеттілігі көзделмеген.

       Департамент мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды негізсіз деп танып, қызмет берушінің атына өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ артық құжаттарды талап ету тәжірибесін тоқтату туралы шешім енгізді.

    Сонымен қатар, бұл мәселе Департамент жанындағы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды. Нәтижесінде 2 өтініш берушінің құқықтары қорғалды – оларға мемлекеттік қызмет оң тұрғыдан көрсетілді. Сондай-ақ, полиция басқармасы шешім енгізгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың 673 азаматының Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініштері артық құжаттарды талап етпей қаралды.

 Осылайша, Департаменттің шешімі шағым авторларының проблемаларын жоюдан бөлек, басқа да мемлекеттік қызмет алуға өтініш білдірген азаматтар үшін құқықтарының бұзылуына, бюрократия көріністеріне тап болуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының ақпараты

 

В Акмолинской области защищены права 673 услугополучателей

          В Департамент Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области обратился субъект предпринимательства, которому управление полиции отказало в оказании государственной услуги «Выдача иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное проживание в Республике Казахстан».

          В ходе рассмотрения жалобы установлено, что услугодатель, ссылаясь на поручение вышестоящего органа, неправомерно истребовал медицинскую страховку у граждан Евразийского экономического Союза, которых предприниматель желал трудоустроить.

          Вместе с тем, Правилами выдачи иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное и постоянное проживание в Республике Казахстан не предусмотрена необходимость истребования медицинской страховки у граждан Евразийского экономического Союза.

   Департаментом отказ в приеме документов для оказания государственной услуги признан неправомерным, в адрес услугодателя внесено решение о восстановлении нарушенных прав заявителя, а также прекращения практики истребования излишних документов.

          Кроме того, данный вопрос рассмотрен на заседании Межведомственной рабочей группы по вопросам оказания государственных услуг при Департаменте.

          В результате чего, права 2 заявителей защищены – им положительно оказана государственная услуга. Также после внесения решения управлением полиции заявления 673 граждан Евразийского экономического Союза на выдачу разрешений на временное проживание в Республике Казахстан рассмотрены без истребования излишних документов.

          Таким образом, решение Департамента позволило решить проблемы самих авторов жалобы, а также предотвратить нарушение прав, столкновение с проявлением бюрократизма для других граждан, обратившихся за получением государственной услуги.

 Информация Управления государственных услуг

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *