ӘлеуметҚоғам

ТӨЛЕБИДЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (-2-)

Айта кетейік, сонымен қатар, аталған емхана басшылығымен бірге партияның аудандық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», » Құқықтық көмек» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында «Ашық есік» күнін өткізді. Онда «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов, емхана басшысы Алимхан Шалқаров және аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, депутаттар қоғамық қабылдау өткізіп, келушілердің өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Ал емхана ұжымы, дәрігерлер денсаулығына байланысты шағым айта келгендерді тиісті тексерулерден өткізіп, хирург, травматолог, кардиолог, неврапатолог, онколог, стоматолог, эндокринолог, отоларинголог, офтальмолог, инфекционист, дерматолог дәрігерлері, УДЗ, Спирография, ЭКГ т.б барлық медициналық қызметтерді кезексіз, жолдамасыз медициналық көмек көрсетті. Ардагерлер мен емханаға келген науқастар осынау игі істің басы-қасында жүрген «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітовке, қалалық емхана басшысының орынбасары Ғалым Қабылбековке және медицина қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТӨЛЕБИДЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (-1-)

Алдыңғы

ҚАҺАРМАНДЫҚ ТАҒЛЫМЫ – МӘҢГІЛІК МҰРАМЫЗ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *