ӘлеуметҚоғам

ТӨЛЕБИДЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (-1-)

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде елімізде қарттарға үлкен мән беріп, оларға айрықша көңіл аударылып, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Біздің бейбіт өмірде еркін тыныш өмір кешуімізге өз үлестерін қосқан осынау ардақты қарттарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Ардагерлеріміздің саналы ғұмырын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан өмір жолы бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында Жеңіс күні құрметіне орай партияның Төлеби аудандық филиалы мен «Ленгір қалалық емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлері бірігіп, ардагерлерді ардақтау шараларын ұйымдастырды. Ленгір қалалық емханасының терапевт, эндокринолог, невропатолог дәрігерлері, психолог, әлеуметтік қызметкер және Салауатты өмір салтын насихаттау бөлмесінің мамандары Ленгір қаласындағы қозғалысы шектеулі ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар және еңбек майданының еңбеккерлерінің үйлеріне барып медициналық профилактикалық тексеру жүргізді. Қарт ардагерлердің қандағы қант мөлшері мен холестерин, күретамырлы қысымын тексерді. ЭКГ жасады, барлық қажетті талдаулар алынды. Сондай-ақ, үй жағдайында медициналық тексеру жүргізді, әңгімелесу барысында ардагерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, денсаулық күтіміне байланысты ұсыныстар айтылды…

САРБАЗДАРҒА ӘСКЕРИ ШЕН ТАПСЫРЫЛДЫ

Алдыңғы

ТӨЛЕБИДЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *