ӘлеуметҚоғам

ҚАҺАРМАНДЫҚ ТАҒЛЫМЫ – МӘҢГІЛІК МҰРАМЫЗ (-1-)

Батырлық пен елжандылықтың символына айналған, шынайы патриотизмнің үлгісіне баланған, ерлікті арқау еткен қос мейрамымыз – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелерін «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы майдангер аталарымызды құттықтаумен бастап отырғанын бұдан алдыңғы жазбаларымызда жария еткен болатынбыз. Ардагерім – ардағым деп білетін партияластарымыз аға буын өкілдеріне деген зор құрметі мен ыстық ілтипатын «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жыл бойы үздіксіз жалғастырып жеткізіп келеді. Игілікті іске аудан, қалалардағы 17 аймақтық партия филиалдары, 241 бастауыш партия ұйымдары жұмылдырылған.
Партиямыздың Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев соғыс ардагерлерінің бірқатарына аманаттық өкілдерді өзі бастап барып, қазыналы қарттардың өнегелі тағылымын тыңдап, ақ батасын алды. Партияның өңірлік филиалы төрағасының мерекелік құттықтау жолсапары бұл жолы облыстық мәслихаттың депутаты болып сайлануына мүмкіндік берген Қазығұрт ауданында жалғасты.
Айта кетуіміз керек, Түркістан облысы бойынша Жеңіс мерекесінің 79 жылдық мерекесін небәрі 11 соғыс ардагеріне ғана қарсы алу бұйырыпты. Әр аудан, қаланың тұрғындары болып табылатын Жеңіс жауынгерлерінің барлығы аманаттық өкілдердің тұрақты назарына алынып, қадір-құрмет көрсетілуде. Амандығымен арамыздан табылған соғыс ардагерлерінің үшеуі – қасиет қонған Қазығұрт баурайының тұрғындары екенін мақтанышпен айтып, марқаямыз…

ТӨЛЕБИДЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (-2-)

Алдыңғы

ҚАҺАРМАНДЫҚ ТАҒЛЫМЫ – МӘҢГІЛІК МҰРАМЫЗ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *