ӘлеуметҚоғам

«ЕЛ МЕН ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Ұлы Отан соғысы тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Ол туралы әр адам біледі, қанды және аяусыз соғыстың қасіретін ұмыту мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы – бүкіл әлем тарихындағы ең қорқынышты әскери қақтығыс. Жеңіске жету үшін, халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Соғыс 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ, бізге ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған адамдарға ризашылық білдіруі керек, өйткені олардың жасаған ерлігі біз үшін мәңгілік. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың саны азайып келеді, сондықтан, халқы үшін жанын пида еткен ата-бабаларымызды құрметтейік. Соғыс кезінде өз өмірін аямай, фашистерге қарсы соғысқан қазақтың батырлары өте көп болды. Ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпағанымыз жөн, себебі тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ. Бұл адамдардың қаһармандығы, жас ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз!
Осы орайда бүгін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде «Ел мен ердің жеңісі» атты акциясы Түлкібас ауданының ҰОС тыл еңбеккерлері Бақыбек ауылының 94 жастағы батыры Мұстафа Аббасоглы және Азаттық ауылының тұрғыны Махсудов Сабыр атамыздың шаңырағында жалғасын тапты. «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, партия Ардагері А.Нұранов, аудандық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері Р.Қарақұлов, Қ.Қоқанбаев батыр аталарымызды «Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Ардагерлермен сұхбат барысында бар тілегі елі мен жерінің амандығы, балаларымыздың бақытты жүздері, тыныш заманның орнағаны екендігін жеткізді. Біздің көргенді келешек ұрпақ, бүгінгі ұрпақ көрмесе екен деді. Сөз соңында заманның тыныштығы – ең үлкен бақыт. Соны түсіне білейік, қадіріне жетейік деп баталарын берді.

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ БОЛДЫ

Алдыңғы

ЕРЛІКПЕН, ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *