ӘлеуметҚоғам

ЕРЛІКПЕН, ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР (-2-)

Соғыстан кейінгі жылдары Қалмен атамыз туған жері – Бөржар аймағындағы ұжымшарда бригадир болып еңбек етіп, еліміздің ауыл шаруашылығын тіктеуге үлесін қосты. Көп жылдар бойы темір жол саласында қызмет атқарып, өңірдің транспорттық әлеуетін кеңейтуге білек сыбана кірісті.
«Ер дәулеті – еңбек» дейтін даналықты бойына жиған ер жүректі атамыз дара еңбеккерлік қасиетімен де елге сыйлы болды. Қалмен ата әр жылдары «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Оныншы бес жылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» мәртебелі атақтарына ие болды. Еңбегі көптің, өнбегі көп болатынын қажыр-қайратымен дәлелдеген Қалмен ақсақал «Құрмет белгісімен» наградталып, «Еңбек ардагері» сыйлы атағына ие болды.
Ерлігімен де, еңбегімен де даңқты болған жерлесімізді бүкіл Түркістан жұртшылығы мақтан тұтатынын айтқан Алтынсары Дүйсенбекұлы, биыл 100 жасқа жеткен Қалмен қарияға зор денсаулық тіледі, тұтас өңірдің алтын қазынасы болып елдің қадір-құрметіне бөлене беруіне тілектестігін жеткізді. Даңқты ақсақал ақ батасын беріп, еліміздің амандығын, береке-бірлігіміздің бекем болуын тіледі.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«ЕЛ МЕН ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Алдыңғы

КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *