ӘлеуметҚоғам

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ БОЛДЫ

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Басқосу барысында «Лайықты еңбек жылы» аясында бірлесіп орындайтын іс-шара жоспары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарының жайы талқыланды.
Сондай-ақ, қатысушылар ағымдағы жылы Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде де сөз қозғады.
Жиын соңында әрбір кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс пікірлері тыңдалып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН АТҚАРДЫ

Алдыңғы

«ЕЛ МЕН ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *