ӘлеуметҚоғам

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-2-)

Бір мыңға жуық партия мүшелерін біріктіретін бұл ұйым өз қызметі барысында 10 орта білім беру ұйымдарымен, 14 мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерімен, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарымен бірлескен жұмыстар атқаратыны мәлімделді.
Партия жақтастары аудандағы азаматтық ұйымдардың белсенділерімен бірлесіп, ел бірлігін арттыру, қоғамдастықты ортақ мақсат аясына топтастыру жұмыстарын атқаруда. Оның ішінде еліміздің қарғын су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек жөнелтуге бір кісідей жұмылып отырғаны жөнінде айтылды.
Партиямыздың белсенді өкілдерімен жүздесу барысында партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев партия мүшелерінен әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыру мәселесіне назар аударып, партияның беделін ілгерілетуге күш біріктіруге шақырды. Жиынға қатысқан Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Бақыт Маусымбеков «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Бірінші Мамыр ауылдық округінің жер бедерін, табиғи мүмкіндіктерін және экожүйесін ескере отырып, бау-бақша өсіруге ыңғайлы аймақ ретінде белгіленуіне ұсыныс білдіруді өтінді.
Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімін партия қатарына қабылдауға ұсыныс білдірді. Партияның аудандық филиалының төрағасы Қуаныш Қансейітов бұл ұсынысты қолдап, Бақыт Маусымбеков жігерлі азамат ретінде ауылдық округтің өркенді қадам басуына белсене үлес қосып жатқанын атап өтті. Мемлекеттік қызметші ретінде тұрғындар білдірген сұраныстарға сергек қарап, әрбір мәселенің жүйелі шешім табуына табанды еңбек сіңіріп жатқанын айтты. Партияның өңірлік филиалының төрағасы партия мүшелігіне қабылдау жөніндегі ұсынысқа қарсылығы жоқ екенін айтып, жарғылық тәртіп бойынша рәсімдеуге келісімін берді…

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-1-)

Алдыңғы

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-3-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *