ӘлеуметҚоғам

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-1-)

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бүгін Төлеби ауданына жасаған жұмыс сапары аясында «Бірінші Мамыр ауылдық округі» бастауыш партия ұйымында Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров бастаған аудандық мәслихаттағы партиялық фракция депутаттарымен, аудандық партия филиалының қызметкерлерімен, саяси ұйымның жергілікті белсенділерімен кездесті.
Бірінші Мамыр ауылындағы мәдениет үйінде орналасқан бастауыш партия ұйымының бөлмесінде өткен жүздесуде аудан аумағында партиялық қызмет бойынша атқарылған жұмыстар таразыланып, партиялық жобаларды жүзеге асыру, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы жөніндегі міндеттер екшелді.
«Бірінші Мамыр ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының жұмыс көрсеткіштері жөнінде оның төрағасы Гүлайна Шанбаева баяндады. Елді мекендегі 600-ге жуық партия жақтастарын біріктретін ұйымның мүшелері осы аумақта орналасқан 19 мекеме және ұйымдармен ықпалдастық байланыстар орнатқан.
Жергілікті тұрғындардың талап-тілегін мемлекеттік билік органдарына жеткізуде 14 қоғамдық қабылдау өткізіп, 74 азаматтың талап-тілегінің орындалуын бақылауға алған. Партиялық ықпал ету нәтижесімен 66 азаматтың өтініштері оң шешілген болса, 8 азаматқа құқықтық тұрғыдағы көмек көрсетілген. Бастауыш ұйымның мүшелері «Ұлттық мұра», «Кітап-AMANAT», «Қарызсыз қоғам», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және тағы да басқа партиялық жобаларды іске асыруға жұмылған.
Партия өкілдерінің кездесуі барысында сондай-ақ «Леңгір қаласы» бастауыш партия ұйымына қарасты «№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» тобының жетекшісі Нағима Исмаилова хабарлама жасап, аудан орталығы – Леңгір қаласы бойынша партияластарымыздың атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпар берді…

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-3-)

Алдыңғы

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *