ӘлеуметҚоғам

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-3-)

Партияның өңірлік филиалының төрағасы мен аудандық мәслихаттың депутаттық корпус өкілдері Бірінші Мамыр ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенін аралап көрді. Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында облыс ауқымында замануи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі міндет белгіленген. Ауылдық жерде бой тіктеген кешенде болашақ ел чемпиондары тәрбиеленетін болады.
Кешенде жасанды газоны бар кіші және үлкен футбол алаңдары, спорттық күрес, дзюдо жаттығуын жасауға арналған залдар қарастырылған. Спортышлардың жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері жасақталған, медициналық бекетпен және жаттықтырушыларға арналған секциялармен қамтылған. Ауылдың жаңа келбетін айшықтайтын бұл нысан таяу күндері ресми түрде ашылып, жұмысын бастайтын болады.
Партия өкілдері аялдаған келесі нысан – Тағайна орта мектебінің құрылыс алаңы болды. Сыйымдылығы 200 оқушыға арналған білім беру нысанының құрылысы – партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына енген. Мұнда партиялық бақылау бекеті ашылып, құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді уақыт оздырмай шешіп отыруға, проблемалық мәселелер анықталған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қарастыруға мүмкіндік жасалған.
Партияның жауапты өкілдері мен депутаттық корпус мүшелері мектеп құрылысын жай-жапсарымен танысып, мердігер ұйымның жұмыс атқарудағы өндірістік мәселелерін қарастырды. Партия өкілдері құрылыс жұмыстарының барысын жүйелі бақылауында ұстайтын болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-2-)

Алдыңғы

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ҚАБЛАНБЕКТЕ ЖАЛҒАСТЫ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *