ӘлеуметҚоғам

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-3-)

Облыстық партия филиалының басшылығы жүргізген қоғамдық қабылдауға Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев, Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихаттағы аманаттық депутаттар, Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Бақыт Маусымбеков, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысып, тұрғындар көтерген сауалдар бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде ақпар берді.
Айта кету керек, «AMANAT»-тың ұйытқы болуымен өтіп жатқан көшпелі мобилдік қоғамдық қабылдаулар – сайлаушылармен «нүктелі» жұмыстың өзегі болып бекітілген. Мұндай форматтағы жүздесулер қызметіміздің сервистік мазмұнын айшықтайды және әрбір азаматтың түрлі бағыттар бойынша өтініштеріне бір жерден жауап алуына мүмкіндік беріледі.
Мәселен, тұрғын жер мәселесі бойынша сұранысымен жер қатынастары басқармасынының осында қатысып отырған өкіліне сұрақ жолдай алса, оның заңдастыру тетіктері бойынша – халыққа қызмет көрсету орталығының өкіліне, немесе кәсіби заңгерлерге хабарласа алады. Ал даулы жер мүлкі бойынша сот орындаушыларына, адвокаттарға немесе нотариустарға, заң бұзушылық деректері бойынша – полиция немесе прокуратура органдарының өкілдеріне сауалдар қойып, жауап алуға мүмкіндігі бар.
Бұл бағыттағы жұмыстарымыз алдағы уақытта жүйелі жалғасын тауып Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы ірі елді мекендерде өтеді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-2-)

Алдыңғы

«AMANAT»-ТЫҚ ӨКІЛДЕР АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАРАЗЫЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАДЫ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *