ӘлеуметҚоғам

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-2-)

Облыс әкімдігінің басқармаларынан ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда, сәулет және қала құрылысы, білім, денсаулық, құрылысы, жер қатынастары, мәдениет және туризм, энергетика және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, дене шынықтыру және спорт, цифрландыруды дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер салалары бойынша жауапты өкілдер тұрғындардың өтініштерін тыңдады, кейбір мәселелер бойынша кеңестер берсе, мәселелердің кейбірін басқарманың арнайы бақылауына алатындарын, жоспарға енгізуге шаралар қабылданатынын жеткізді.
Жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған түйінді мәселелерін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша өкілдеріне, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №7 медицина-әлеуметтік сараптама қызметіне, Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушыларына, облыстық нотариаттық палата мен адвокаттар алқасының мүшелеріне, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облыстық филиалының және «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жауапты өкілдеріне жеткізуге мүмкіндік алды.
Ашық аспан астында, бейресми форматта өткен қабылдауға 300-ге жуық тұрғын келіп, сұраныстары мен өтініштерін білдірді. Жергілікті қоғамдастықтың талап-тілегін зерделеу барысында, тұрғындар білдірген сұраныстардың басым бөлігі – электр желілері мен бағаналарын жаңарту, байланыс сапасын арттыру, оның ішінде интернет байланысын жақсарту, жолдарды жөндеу мен тастақ жолдарға асфальт төсеу, жерге байланысты сұраныстар, оның ішінде жайылымдық жер мәселесі, бау-бақша шаруашылықтарын жүргізуге қолдау көрсету, ауыз су сапасын арттыру, таулы аймақта орнықты экожүйені сақтау, санитарлық тазалық талаптарын сақтамайтындармен пәрменді күрес жүргізу, мектептер мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу мәселелері көбірек қозғалды…

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-1-)

Алдыңғы

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-3-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *