ӘлеуметҚоғам

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-1-)

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының шалғай елді мекендерінің тұрғындарына арналған кезекті мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауы бүгін Төлеби ауданында жалғасты. «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде Бірінші Мамыр ауылындағы мәдениет үйінің ауласында азаматтарды қабылдауға арналған алаң ашылып, әр саланың облыстық және аудандық деңгейдегі жауапты өкілдері тұрғындар білдірген талап-тілектерді тыңдап, оларды оңтайлы шешу мен тиімді іске асырудың жолдарын бірлесе қарастырды.
Азаматтарды тыңдауға арналған партиялық мінбердің мақсат-міндетін облыстық партия филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев түсіндіріп өтті. Тұрғындармен еркін пікір алмасу түрінде өтіп жатқан мұндай кездесулер өзінің тиімділігін көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Азаматтар жеке сұраныстары бойынша облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарға жүгіну үшін Түркістан қаласына сабылып жүрмей, өздерінің тұрғылықты жерінде отырып, талап-тілегін айтуға мүмкіндік ашылып отырғанын жеткізді.
Партияның ықпалымен ашылған диалог алаңында Төлеби ауданының жұртшылығы білдірген сұраныстарды тыңдау үшін Түркістан облыстық полиция департаментінің әкімшілік полициясы басқармасынан, көші-қон қызметінен, Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінен, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен, Түркістан облыстық әділет департаментінен, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінен, облыстық жер ресурстарын басқару департаментінен, Төлеби аудандық прокуратурасынан, аудандық полиция бөлімінен жауапты өкілдер арнайы келді. Тұрғындардың құқықтық мәселелердегі сұраныстарына жауап беріп, жергілікті аумақтағы назарға алуы қажет талаптарды түртіп алды…

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖӘНЕ «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАЛАРЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алдыңғы

«AMANAT»-ТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ӨТТІ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *