ЖаңалықтарҚоғам

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жетісу облысында 37 мыңнан астам партия мүшесінің 72 пайызын әйелдер қауымы құрап отыр.

Әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі күн сайын артып келеді. Әйелдердің құқықтары мен мүдделерінің қауіпсіздігі жан-жақты қорғалуын қамтамасыз ету өте маңызды. Өйткені, әйел тұлғасының сауатты дамуын қалыптастыру — отбасы мен мемлекеттің әл-ауқатының жетістігі. Бүгін осы мақсатта, яғни әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында Әйелдер қанаты құрылып, өз жұмысын бастап кеткен.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанынан құрылған әйелдер қанатының кеңесі стратегиялық сессия форматында өтті. Сессия Ақсу, Алакөл, Сарқан Кербұлақ және Панфилов аудандарында жалғасын тауып, оған қоғам белсенділері санатындағы әйелдер қатысты.

Стратегиялық сессияның мақсаты — әйелдер қанатының тұжырымдамасында белгіленген 10 бағыт бойынша сарапшылар пулын құру.

Өңірдегі белсенді әйелдер қауымына даму стратегиялық сессиясын өткізген әйелдер қанатының кеңесшісі Гүлбарам Адамбаева әр бағытқа жеке тоқталып, жіті түсіндірді.

Сессия барысында:

— Қатысушыларымен танысумен қатар, шығармашылық белсенділікті арттыру мақсатында түрлі ойындар өткізілді.

— Іс-шараны өткізу шеңберінде қатысушылардың қоғамдық жұмыстармен айналысуға дайындық деңгейін анықтау бойынша коучингтік құралдар пайдаланылды.

— Аудандардағы жұмыстың осы бағытына SWOT талдауы жүргізілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша әр ауданда сарапшылар базасы құрылып, жұмыс бағыты бойынша көшбасшылар анықталды.

Сондай-ақ жиында заманауи гендерлік саясат, қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдердің рөлі, әйел денсаулығы, әйелдер мен балаларды қорғау құқығын кеңейту және тағы да басқа тақырыптар қамтылып, пікір алмасу орнады.

Айта кетейік, аталмыш сессия бұған дейін Қаратал, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының белсенді әйелдері үшін өткізілген болатын.

Осы көктемде Түркістан облысында екі мың төрт жүзге жуық азамат әскерге шақырылмақ

Алдыңғы

«САМАРҚАНД – ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ 15 НАУРЫЗДАН БАСТАП ҚАТЫНАЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *