Жаңалықтар

ЖАҢА ИҚАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
2023 жылдың 5 маусымынан бастап 9 маусым аралығында Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде оқу ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ ‘ әлеуметтік жобасы аясында, «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» бағдарламасы бойынша 5 күндік курсын аяқтаған Жаңа Иқан ауылының 90 ға жуық ауыл тұрғынына арнайы сертификаттар табысталды. Сертификаттарды “AMANAT”партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, аудандық мәслихат депутаты Д.Ирисбаев және қаржы сарапшысы Ж.Әзімбай тапсырып, ауыл тұрғындарына сәттілік тіледі.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар оқытылды:
1. Несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар
2. Дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар
3. Жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Жобаға қатысушылар
өз қаражатын тиімді басқаруды үйреніп, өмірлік тәжірибе ретінде іске асыратындығын жеткізді.
«Қарызсыз қоғам »жобасы алдағы уақытта аудан көлемінде басқа да ауылдарда жалғасын табатын болады.

«Балдәурен» оркестрі тағы бір белесті бағындырып, Қазақ елінің абыройын Ташкентте аспандатып келді

Алдыңғы

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *