ЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Балдәурен» оркестрі тағы бір белесті бағындырып, Қазақ елінің абыройын Ташкентте аспандатып келді

Аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №2 Балалар музыка мектебінің оқушыларынан құрылған «Балдәурен» оркестрі Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен «Tashkent Summer Festival 2023» халықаралық байқау — фестиваліне қатысып «Халық аспаптары» номинациясында БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды.

«Балдәурен» оркестрінің жетекшісі — Стамғазы Архат; Ташкент қаласында өткен Халықаралық мәдени байланыстарды нығайту және шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен «Tashkent Summer Festival» халықаралық байқау – фестивалінде оркесторымыздың өнер көрсеткені үлкен абырой.

Оркестр Астана қаласының көпшілік шараларда өнер көрсетіп, Республикалық, қалалық облыстық байқауында жүлделі орындарды алып жүр.

Таланты жастардың басын қосып, ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен №2 Балалар музыка мектебінің директоры Ли Владислав Владимировичқа рахмет айтамыз.

 

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Алдыңғы

ЖАҢА ИҚАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *