Жаңалықтар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Қалада газды тұтынудың техникалық ережелерінің сақталмауынан улану жағдайлары жиілеген. Бұл олқылықтың алдын алу мақсатында газдан уланудың алдын алу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Еңбекші ауданы әкімдігі, прокуратурасы, төтенше жағдайлар басқармасы, полиция және еріктілер, «ҚазТрансГаз Аймақ» және газ техникалық инспекция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара халық ең көп шоғырланған 11 шағынауданнан бастау алды. Арнайы көлікпен жасақталған бригада газдан келетін қауіп, одан сақтану мен дұрыс пайдалану жолын хабарлап шықты. Сонымен қатар, тұрғындарға газ тұтыну ережелерін сақтамаған жағдайда қандай құқықтық жауапкершілікке тартылатыны жайында жаднама таратылды.

— Жылыту маусымы басталғалы Еңбекші ауданында екі қайғылы оқиға орын алды. Екеуі де тұрғындардың техникалық талаптарды сақтамай, құбырды дұрыс орнатпағанның салдарынан болған. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар жиілеп кеткендіктен, біз осы бірлескен ауқымды іс-шараны қолға алдық. Бүгін қала ішінде дауыс зорайтқышпен хабарлама таратып, түсіндірдік. Ертеңнен бастап үйме-үй жүріп келісімшарттарды тексеретін боламыз. Көп тұрғындар есігін ашпайды. Дегенмен, бұған арнайы заң жүзінде бекітілген талап бар екенін де ескерсе дейміз, — деді Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, полковник Қайрат Сәрсенбаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының талаптарын орындамаған жағдайда 7 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін талаптарды қатаң сақтаған абзал.

«Шымкент келбеті»

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 22-ші отырысы өтті

Алдыңғы

БИЫЛ ШЫМКЕНТТІКТЕР 100% САПАЛЫ ӘРІ АРЗАН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *