ЖаңалықтарҚоғамСаясатЭкономика

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 22-ші отырысы өтті

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 22-ші отырысында үш мәселе қаралды:
1) «БЖЗҚ» АҚ-ның 2022 жылғы қызметінің алдын ала қорытындылары.
2) «БЖЗҚ» проблемалық эмитенттердің зейнетақы активтерімен жұмысы.
3) Бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі міндетті зейнетақы жарналары.

Бірінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева сөз сөйледі. Баяндамашы БЖЗҚ қызметінің 2022 жылғы қорытындысы бойынша есеп беріп, 2023 жылғы 1 қаңтарға қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының 14,7 трлн теңге болғанын атапөтті. Бұл зейнетақы жинақтарының өсімі тек 1% құраған 2021 жылғы көрсеткіштен 1,6 трлн теңгеге (немесе 12,2%) жоғары. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі активтерінің өсу қарқыны зейнетақы жинақтарының баламалы мақсаттарға едәуір алынып тасталған кезге дейінгі активтердің өсуі жыл сайын 15-тен 20% аралығында болған көрсеткіштерге жоспарлы түрде қайтарылуда.
2022 жылы жинақтардың өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен қамтамасыз етілді. Осы ретте салымшылардың шоттарына жарналар түрінде 2022 жылы 1,7 трлн теңгеден астам қаражат түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 29% артық.
2022 жылы жарналардың барлық түрлері бойынша өсім орын алды: МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 1,65 трлн теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 28% ұлғайды), МКЗЖ бойынша 77 млрд теңге (өсім 39%) түсті, ал ЕЗЖ бойынша жарналар ең көп өсімді көрсетіп, 2,3 млрд теңгеден (өсім 190%) асты.
2022 жылғы инвестициялық табыс 914 млрд теңгеден асып, өткен жылдың қорытындысы бойынша активтердің кірістілігі оң сипат алды.
Жыл басынан бері БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары шамамен 1,2 трлн теңгеге жетіп, соманың басым бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) құрады – 918 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төлемдер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 65% төмендеді.
Толығырақ ақпарат БЖЗҚ сайтында берілген.
Екінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Заң департаментінің директоры Назым Бақтыбаев проблемалы эмитенттердің зейнетақы активтерімен БЖЗҚ-ның жүргізіп жатқан жұмысы туралы есеп берді.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға шоғырландыру кезеңіндегі проблемалық берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысына сәйкес 31.03.2023 ж. жағдай бойынша зейнетақы активтеріне қатысты өтелген берешектің жалпы сомасы 32,38 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 2023 жылдың1 тоқсанында ғана 4 152,2 млн теңге Қорға қайтарылды. Баяндамашы БЖЗҚ заңгерлерінің қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде проблемалы эмитенттердің берешегін, сондай-ақ, оңалту, банкроттық және тарату рәсімдерін қайтару бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқандарын атап өтті. Бұдан басқа, осы компаниялардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекет деректерін куәландыратын мәнжайлардың болуына байланысты БЖЗҚ өкілдері құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауда. Бүгінгі күні 8 проблемалық эмитенттің лауазымды тұлғаларына қатысты азаматтардың зейнетақы активтеріне залал келтіру мән-жайлары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Проблемалық активтермен жұмыс туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған.
Үшінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму департаментінің Стратегия және талдау басқармасының бастығы Айжан Темірлан сөз алып, Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тетігі туралы айтты. БЖТ төлеушілер міндетті

Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті

Алдыңғы

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *