Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Тіл-мемлекеттің тұғыры» тақырыбында диктант жазу шарасы өткізілді.
Шараға Түркістан қаласындағы Р.Исетов және Н.Некрасов атындағы мектептерінің оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты — этнос жастары арасында қазақ тілін дәріптеу, тіл тазалығын сақтау, сауаттылықты арттыру.
Тіл — қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретке ие.
Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс. Ана тілі — ең басты байлығымыз. Тілге деген құрмет — халыққа деген құрмет деген сөз.
Тілдер мерекесі құтты болсын!
Comments