ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысының орталығында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мерекелік шара өтті. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шара ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мерекелік шара әрмен қарай «Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасты. Зиялы қауым өкілдері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, шараға қатысушы құрметті қонақтар арнайы жасақталған көрмені тамашалады. Аталмыш көрме облысымызда қызмет атқаратын 11 этномәдени бірлестіктерінің тілі, мәдениеті, салт-дәстүріне байланысты ұйымдастырылған.

Салтанатты жиынды Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің маңыздылығы мен еліміздегі жүзеге асырылып жатқан тіл саясатына, өңірімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Биыл тілдерді оқыту орталықтарында 3 мыңнан аса талапкер мемлекеттік тілді оқуда. Оның 500-ден астамы — өзге этнос өкілдері. Бүгінде этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде тыңдаушылар өз ана тілдері мен төл мәдениетін үйренуде. Олай болса, Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру – біздің міндетіміз. Ал, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге ынталы азаматтар үшін облыс аумағында тілдерді тегін оқытатын 17 орталық жұмыс жүргізуде, – деген басқарма басшысы облыстағы тіл жанашырлары мен осы салада еңбегі елеулі азаматтарға Тіл комитетінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатын, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатын тапсырды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында оның еңбектерін дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жиын мерекелік концертке ұласты. Облыстағы өнер жұлдыздарымен қатар, түрлі этнос өкілдері өнер көрсетіп, қазақ тілінде өлең оқып, ән шырқады.

Еске сала кетейік, бұл мереке Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты жыл сайын аталып өтіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ 150-ЛЕТИЮ АХМЕТА БАЙТУРСЫНОВА

В областном центре прошло праздничное мероприятие «Тіл ғұмыры — Ұлт ғұмыры». Мероприятие, посвященное 150-летию Ахмета Байтурсынова, началось с возложения цветов к памятнику. Праздничное мероприятие продолжилось в областной универсальной научной библиотеке «Фараб». Представители интеллигенции и председатели этнокультурных объединений области, почетные гости, присутствующие на мероприятии, посетили специально подготовленную выставку. Она организована 11-тью этнокультурными объединениями области.

С приветственным словом выступил руководитель управления культуры Туркестанской области Азимхан Койлыбаев. Он отметил важность государственного языка, реализуемую в стране языковую политику и проводимую в регионе работу в этом направлении.

— В этом году в центрах обучения языкам учатся более трех тысяч слушателей. Более 500 из них — представители других этносов. В воскресных школах при этнокультурных объединениях слушатели изучают свои родные языки и культуру. Наша задача — повысить стремление каждого представителя этноса, проживающего в Казахстане, к знанию государственного языка. Для граждан, желающих изучать казахский, русский, английский языки, на территории области работают 17 центров бесплатного обучения, — рассказал руководитель управления, а затем вручил почетные грамоты и благодарственные письма Комитета по языкам и благодарственные письма областного управления культуры гражданам, внесшим вклад в развитие языков и работающих в этой сфере.

Мероприятие, организованное в целях расширения сферы применения государственного языка и популяризации трудов Ахмета Байтурсынова, сопровождалось праздничным концертом. Наряду со звездами искусства выступали представители разных этносов, они читали стихи и пели песни на казахском языке.

Напомним, День языков отмечается ежегодно в связи с днем рождения ученого-основателя казахского алфавита, учителя нации Ахмета Байтурсынова.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Жаңа Жолдау – жаңа міндеттер 

Алдыңғы

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Тіл-мемлекеттің тұғыры» тақырыбында диктант жазу шарасы өткізілді.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *