ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ІІІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНДА 7 ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ  

Бүгін Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ шығарылымы өтті. Бизнесті бизнеске қолдау көрсетуге шақыратын маңызды іс-шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен кәсіпкерлер, менторлар, жоба авторлары қатысты. Өңір басшысы бұл жобаның кәсіпкерге берері көп екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгін сіздермен қайта қауышып, «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасының кезекті маусымын өткізгелі отырмыз. Жобаның ерекшелігі – «Кәсіпкерлік Қырандары» арқылы ірі бизнес өкілдері капиталы жоқ, бірақ бизнес идеясы бар, кәсіпкерлікке жаңа қадам басқан азаматтарға қолдау көрсетеді. Бүгінде «Кәсіпкерлік Қырандары» бойынша қолдау алған стартап жобалар (16 жоба 44 млн. теңге) өз кәсіптерін дөңгелетіп, өнімдерін өндіріп жатыр. Әрине кәсіпкерлерді қолдау Мемлекет басшысының, Үкіметтің ұдайы назарында тұрған мәселе. Бизнесті қолдауға бағытталған кең көлемдегі бағдарламалар осының дәлелі. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары облыс кәсіпкерлерімен жақсы қолданылуда. «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы кәсіпкерлер 47 млрд. теңгеге жеңілдетілген 6%-бен несиеленген болса, «Бизнестің жол картасы 2025» арқылы жыл соңына дейін 40 млрд. теңгеге несиелеу күтілуде. Жаңадан бизнесті бастау, жобаны қаржыландыруда жобаның маңызы зор. Сондықтан ізбасар буынға жасап жатқан қолдаулар үлкен құрметке лайық. «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы бірінші кезекте стартап жобалар үшін қажетті қаржылай қолдау болса, екенші кезекте қаржы салымын жасаған менторлар үшінде инвестиция көзі деп айтуға болады. Яғни, екі жаққа да ұтымды инвестиция. «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасына қолдау көрсеткен менторларға алғысымды айтқым келеді. Сіздер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатырсыздар, – деді ол.

Жобаның осы кезеңіне «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов та қатысты.

Айта кетейік, «Кәсіпкерлік қырандары» – бірегей жоба. Ол Түркістан облысында шағын бизнесті қолдау үшін іске қосылған. Жобаны Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі жүзеге асырып отыр. Мақсаты – өңірдегі ірі, орта кәсіпкерлер микробизнесті, стартаперлерді қолдайды. «Бастау Бизнес» түлектеріне инвестиция сала отырып, қаржылау қолдау көрсетеді, ментор болады. Ментор жобаны сүйемелдейді.

«Кәсіпкерлік Қырандары» жобасының үшінші кезеңінде 7 жоба ұсынылып, талқыланды. Олар: Медициналық қалдықтарды жоятын цех; Жарқыраған тратуарлық жол плиткаларын шығаратын цех; «Тармақтар» кітабы; Қолдан ұрықтандыру және ветеринарлық станция; Ғарыштық байланыс және спутниктік робототехника кешені; «Eco-Protect» дөңгелектерді қайта өңдеу жобасы және мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әмбебап монша салу бастамасы ұсынылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

__

В ТУРКЕСТАНЕ ВО ВРЕМЯ III ЭТАПА ПРОЕКТА «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ПРЕЗЕНТОВАЛИ 7 ПРОЕКТОВ

Сегодня в Туркестане прошел третий этап проекта «Кәсіпкерлік қырандары». В нем приняли участие аким области Умирзак Шукеев, предприниматели, менторы, авторы проектов. Глава региона отметил, что этот проект очень важен для предпринимателя, и пожелал участникам удачи.

— Особенностью проекта «Кәсіпкерлік қырандары» является то, что представители крупного бизнеса оказывают поддержку гражданам, не имеющим капитала, но обладающих бизнес-идеей. Стартапы, получившие поддержку по этому проекту (16 проектов на 44 млн тенге) развиваются. Вопрос поддержки предпринимателей постоянно находится в центре внимания Главы государства и правительства. Об этом свидетельствуют масштабные программы, направленные на поддержку бизнеса. В нашем регионе хорошо действует программа «Экономика простых вещей», «Дорожная карта бизнеса-2025». Предпринимателям по программе «Экономика простых вещей» выделят 47 миллиардов тенге под льготные шесть процентов годовых, через Дорожную карту бизнеса-2025 – 40 миллиардов тенге. Финансирование проектов имеет большое значение. Поэтому поддержка, которую известные предприниматели оказывают молодому поколению, заслуживает большого уважения.

Можно сказать, что проект «Кәсіпкерлік қырандары» — это, в первую очередь, финансовая поддержка для стартап-проектов, а во-вторых, источник инвестиций для менторов, которые сделали финансовые вложения. То есть это выгодно для обеих сторон. Хочу поблагодарить менторов, которые поддержали проект. Вы вносите большой вклад в социально-экономическое развитие региона, — сказал аким области.

В данном этапе проекта также приняли участие первый заместитель председателя правления НПП «Атамекен» Максат Кикимов и депутат Мажилиса Парламента РК Кайнар Абасов.

Отметим, проект «Кәсіпкерлік қырандары» — уникальный проект. Он запущен в Туркестанской области для поддержки малого бизнеса и реализуется Палатой предпринимателей и акиматом области. Цель – поддержка микробизнеса и стартаперы. Выпускники «Бастау Бизнес», инвестируя, сами становятся менторами, сопровождая проекты начинающих предпринимателей.

На третьем этапе проекта были представлены и обсуждены семь проектов. Это цех по утилизации медицинских отходов, цех по производству светящейся тратуарной дорожной плитки, книга « Тармақтар», искусственное осеменение и ветеринарная станция, комплекс космической связи и спутниковой робототехники, проект по переработке колес «Eco-Protect» и баня для людей с инвалидностью.

Пресс-служба акима Туркестанской области

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП ЖЕКЕ КӘСІБІН БАСТАДЫ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖІП ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *