АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ЕЛІМІЗГЕ ҚАУПІ.

Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады. «Шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда. Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез — құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс — әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган экстремизм — саяси экстремизм, ал діни ортада пайда болган экстремизм — діни экстремизм деп аталады. Ал терроризм латынның (terror), яғни қорқыныш деген сөзінен пайда болып, экстремизмнің соңғы нүктесі, атап айтқанда адамдарды қорқытып — үркіту, олардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіру арқылы өз мақсатына жету әрекетін білдіреді. Ал «Терроризмге қарсы іс — қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының N 416-I Заңында «Күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін — өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы терроризм» екендігі туралы анықтама берілген. Терроризмнің де бірнеше түрі бар. Оның ішінде этникалық терроризм адамның ұлтына, этникалық түріне қарсы жасалған қылмыс түрі. Мұны кейде нәсілшілдік пиғылының нәтижесі деп те атап жатады. Этникалық терриризмге күрдтердің Түркиядағы, шешен содырларының Ресей аймағындағы бірнеше террорлық актілері т.б. мысал бола алады. Діни терроризмге діни идеологияның ықпалымен өзге дін өкілдеріне немесе мемлекеттік құрылымдық жүйелерге қарсы радикалды іс — қимыл түрі жатады. Бұған Қазақстанда да орын алған бірнеше радикалды топтардың құқық қорғау органдарымен арада болған қарулы қақтығыстарын мысал ретінде атап көрсетуге болады. Діни терроризм түріне діни канондарды бұрмалау арқылы адамдарды радикалдандыру және осы әрекетпен жұрт арасында дүрбелеу туғызу, жазсықсыз жандардың жанын қию әрекеттері жатады. Терроризмнің сондай — ақ криминалдық және идеологиялық түрлері де бар. Сондықтан терроризм мен экстремизмге қарсы тұру проблемасы мемлекеттік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу — мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерінің міндеті. Елбасымыз жастардың ата дінге адалдық таныту туралы өз Жолдауында: «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек» — деп, кертартпалықтың торына түспей, «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт — дәстүрді, ата — ананы сыйлауға негізделген», — деп, негізгі жүретін жолымыздың бағыт — бағдарын көрсетті. Халықсыз билік болмайды, ал — дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы жəне мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тəуелді байланыс бар. Қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып кетеді. Жастардың діни көзқарасы әлі де өзекті мәселе болып табылады және жүйелі талдауды қажет етеді. Жастар — біздің мемлекетіміздің болашағы, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері,

теолог маманы А. Данияров.

ҚҰРБАН АЙТ СЫЙЫ!

Алдыңғы

ДІНИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АДАСУШЫЛЫҚТАН ҚОРҒАЙДЫ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *