ЖаңалықтарҚоғам

Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

Ағымдағы маусым айының 16 күні Жетісу облысы Сарқан ауданы Ілепсі ауылдық округінде Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Асхат Кәрібаевтың, облыстық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымының орынбасары Светлана Буханованың, Көксу ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Утешбаеваның, облыс бойынша «Әйелдер Кәсіпкерлігін Қолдау Орталығы» кеңесшісі Мадина Байборинованың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы облысы өңірлік филиалының кеңесшісі Көркем Тауханованың, Алматы облысы Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің сарапшысы Айдын Астаубаевтың, Отасы банкінің Алматы облысы филиалының кеңесшісі Данияр Иманшаевтың қатысуымен облыстық «Іскер Әйелдер Кеңесінің» жергілікті кәсіпкерлік саласында жүрген қыз – келіншектермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Светлана Буханова мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде нәзік жандылардың белсенділігін артырып, мемлекет тарапынан әйелдер кәсіпкерлігіне көрсетілетін қолдау шаралары, отбасылық және рухани-адами құндылықтарды нығайту мәселелері жайында сөз қозғады. Салтанат Утешбаева сөз кезегінде облыс бойынша Іскер Әйелдер Кеңесінің қолдауымен іске асырылып жатқан жобаларымен таныстырды. Асхат Кәрібаев мемлекет тарапынан жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін 2 – 5 млн гранттың қағидасы, грантқа үміткерлер үшін маңызды бизнес – жобаның құрылымы және оларды жасағанда неге көңіл бөлу керектігіне тоқталып кетті. Мадина Байборинова қатысушыларға Әйелдер Кәсіпкерлігін Қолдау Орталығының атқаратын қызметі, бүгінгі күні орталық арқылы кәсіпкерлік саласында жүрген нәзік жандылардың қанша жоба қолдау тапқандығы жайлы айтты. Данияр Иманшаев Отбасы Банкінің бүгінгі күні ел игілігіне ұсынған тимді бағдарламалары мен шарттарын түсіндірді. Көркем Тауханова «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының тиімді қаржыландыру бағдарламалырын атаса, ал Айдын Астаубаев жиналған қыз – келіншектерге Атамекен ҰКП қызметі және «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымы жайлы, ұйым арқылы шағын несиелендірілу шарттарын атап және ауылды округтегі жұмысшы мамандар тапшылығын шешу үшін округтегі кәсіпорындарға өз мекемелері жанынан оқу орталығын ашуды ұсынды.

PS: Кеңесіп пішкен тон келте болмайды демекші халықтың нені қалайтындығы, мемлекеттен қандай қолдау күтетіні жайлы ақпараттарды осындай елмен етене жақын кездесулер барысында білуге болады деп сөзімді қорытындыламақпын.

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ.

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІҢ ШЫРАЙЫ — ШӘМШІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *