Бүгін Келес ауданы, Абай ауылында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық өзбек этнос өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.
— Әр дауыстың маңызы бар. Конституцияға референдум арқылы 1995 жылдан бері өзгеріс енгізілген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы осындай ұсыныс жасады. Енді біздің еліміздің әрбір тұрғыны қатысып, өз ұстанымын білдіруі керек. Дауыс беру қорытындысы негізінде Парламенттің алдында конституциялық заңдарды қабылдау бойынша ауқымды жұмыс тұр,- деп, жиынға қатысушыларды бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Жаңа Қазақстанның Ата Заңын өзгертуге бірге атсалысуға шақырды.
Өзбек этнос өкілдері референдум өткізілетін күні бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Comments