АймақӘлеуметҚоғамРуханият

САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ!

2022 жылы 25 мамыр күні Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сарыағаш аудандық филиалында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды қолдау жиыны өтті.

– Бүгінде еліміз өз дамуының бірегей кезеңінде тұр. Бұл – еліміздің саяси және экономикалық өміріндегі ауқымды жасампаз өзгерістер кезеңі. Біздің міндетіміз – бұл процесті бірлесіп қолдау, — деді Сарыағаш аудандық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Ергеш Палхожаұлы.

– Мемлекет басшысы Конституцияға енгізуді ұсынған өзгерістер саяси бәсекелестікті күшейтуге, ел азаматтарына жаңа және тең мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді, — деді тәжік этномәдени бірлестік төрағасы Мухидин Ташпулатұлы.

Жоғарыда айтылған пікірлерді аудандық түрік, ұйғыр, «Гарабах» әзербайжан этномәдени бірлестік төрағалары да қолдады.

Этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары Сарыағаш ауданының барлық тұрғындарын бірігуге, азаматтық ұстаным танытуға және алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алдыңғы

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *