ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ЕҢБЕК АДАМЫ: «ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДІҢ ЖАҢАШЫЛЫ: ҚҰНДЫЗАЙ ЕЛЕКЕЕВАНЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ»

Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Себебі елдің дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығы күнделікті өз міндетін адал атқарып жүрген қарапайым азаматтардың еңбегіне тікелей байланысты. Әр саланың өзіндік жауапкершілігі бар. Бірі білім берсе, бірі денсаулық сақтайды, енді бірі өндірісті дамытады, ал мәдениет пен кітапхана саласының мамандары қоғамның рухани дамуына үлес қосады. Осындай еңбектердің барлығы ел болашағы үшін маңызды.
Құндызай Елекееваның кәсіби жолы – еңбек арқылы жетістікке жетудің нақты үлгісі. Ол қызмет жолын қарапайым кітапханашы болып бастап, тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін арттыра отырып, бүгінде кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімін басқарып отыр. Бұл жетістік өздігінен келген жоқ. Оның артында ұзақ жылдар бойғы ізденіс, жауапкершілік, еңбекке деген сүйіспеншілік және жаңа білімді меңгеруге деген ұмтылыс бар.
Қазіргі цифрлық дәуірде еңбек адамының бейнесі де өзгеріп келеді. Бүгінгі маман өз кәсібін жақсы меңгерумен қатар, жаңа технологияларды игеріп, заман талабына бейімделуі қажет. Құндызай Нұрланқызының дәстүрлі кітапхана ісін цифрлық мүмкіндіктермен ұштастыруы – осының айқын көрінісі. Ол жаңашылдықты қабылдай отырып, кітапхананың жастарға қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуге өз үлесін қосып келеді.
Қарапайым жұмысшылар мен мамандардың еңбегін насихаттау әсіресе жас ұрпақ үшін маңызды. Жастар жетістікке бірден емес, табанды еңбек пен үздіксіз ізденіс арқылы жетуге болатынын түсінуі керек. Еңбек адамының өмір жолын көрсету арқылы мамандыққа деген құрметті арттыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге болады. Бұл патерналистік көңіл-күй мен масылдықты төмендетуге де ықпал етеді. Әр азамат өз мүмкіндігін пайдаланып, білім алып, кәсіп үйреніп, қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылғаны жөн.
Еңбексүйгіштік адамның бойында күнделікті әрекет арқылы қалыптасады. Өз міндетін уақытында орындау, бастаған істі соңына жеткізу, қиындыққа мойымай, жаңа нәрсе үйренуге талпыну – еңбек мәдениетінің негізгі белгілері. Осындай қасиеттерді отбасында, білім беру ұйымдарында және еңбек ортасында қалыптастыру маңызды.
Құндызай Елекееваның кәсіби және отбасылық өмірді қатар алып жүруі де жауапкершіліктің үлгісі. Оның еңбегі арқылы жас ұрпаққа адал кәсіптің абыройлы екенін, қандай мамандық болса да оны сапалы атқарудың маңызды екенін көрсетуге болады. Сондықтан еңбек адамын дәріптеу – бір маманның жетістігін таныстыру ғана емес, қоғамда еңбекке деген құрметті қалыптастыру. Еңбекпен келген жетістік әрдайым бағалы, ал өз ісіне адал маманның еңбегі ел игілігіне айналады.

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»: ұландықтар оқушыларға Ерлік сабағын өткізді.

Алдыңғы

ҚУАТТЫ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ: КӘСІПОДАҚ ЖАНЫҢДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *