БілімЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 453 ОҚУШЫ «АЛТЫН БЕЛГІ» ҮМІТКЕРІ АТАНЫП ОТЫР  

Шымкент қаласында биыл орта мектепті бітіріп жатқан 453 түлек «Алтын белгіге» үміткер атанып отыр. Оның ішінде Ұлттық біріңғай тестілеуге 433-і қатысса, қалған 20 үміткер шетел жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Айта кетейік, үлгілі мінез-құлық танытқан және барлық пәндер мен қорытынды аттестаттаудан өте жақсы деген баға алған оқушыларға «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

Бүгін Шымкент қаласындағы барлық орта мектептерде соңғы қоңырау іс-шарасы «Түлек-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты тақырыппен өтіп жатыр. Биыл мегаполис мектептерін 11 189 оқушы аяқтап отыр. Тағы 19 251 оқушы 9 сыныпты тәмамдайды.

Оқу жылы 25 мамырда аяқталғанымен 9 және 11 сынып оқушылары 10 маусымға дейін қортынеды емтихандарын тапсырады. Ал, 11 сынып оқушылары 16 мамыр мен 5 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Соның ішінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін тестілеуге 8 200 бітіруші қатысады. Олардың әрқайсысына 2 реттен тест тапсыру мүмкіндігі берілмек.  Сонымен қатар 1-8 және 10 сынып оқушылары 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектепке ерікті түрде қатыса алады. Мұндай шара үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында қабылданып отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша Шымкент қаласы бойынша жалпы 143 757 оқушы жазғы мектепте оқиды деп жоспарланып отыр.

ҚАЛА ӘКІМІ «ALAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ  

Алдыңғы

РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *