АймақӘлеуметҚоғам

БАЛАЛАРҒА «КЕРУЕН САРАЙДА» КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйытқы болуымен 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында іс-шара өтті.
«Керуен сарай» көпфункцияналды кешенінде өткен шарада ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық өкілдігі және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері бүлдіршіндерге мерекелік тарту жасап, қуаныш сыйлады.
Шара барысында балаларға көңілді демалыс кеші ұйымдастырылды. Түрлі ойындар мен балалардың ой және дене дамуын арттыратын тартысты сайыстар өтіп, балаларға сурет дәптер, сурет салуға арналған түрлі қаламсаптар мен шарлар үлестірілді.
Тәрбиелік мәні зор көңілді кеш ұйымдастырған «Қоғамдық келісім» КММ-не ата-аналар мен балалар алғысын айтып, ерекше көңіл күйде тарқасты.

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ

Алдыңғы

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *