ЖаңалықтарТехнология

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан Балпық ауылдық округіне қарасты Ұмтыл ауылына онша қашық емес жердегі «Қадыров» шаруа қожалығының егіс алқабына егілген пиязбен қарбызды көзбен көріп, танысудың сәті түсіп Алматы облысы, Кәсіпкерлер Палатасының, Қаратал ауданы филиалының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Құсайынов Фархат арнайы ат басын бұрып, танысып қайтты. Шаруа қожалық биылғы көктемнен бастап су ресурстарын тиімді пайдаланып, егістік алқаптарынан мол өнім алу үшін егістік алқабын дәстүрлі түрде суғарудан бас тартып, Батыс Еуропалық елдері өнімді суаруға енгізген жаңа тәсілдің бірі – тамшылатып суаруды енгізген болатын. Тамшылатып суару – өсімдіктің тікелей тамырлық зонасына құбырлар, түтіктер, эмиттер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік теретін тәсіл. Сонымен қатар, оны тыңайтқыштарды үнемдейтін ерекше Ақылды технологиялардың көмегімен іске асырылатын суару түрі болып саналады әлемде.

Қожалық басшысының айтуынша:

Биыл біз егістікке «Зевс, Геленджик» сұрпындағы пияздармер қатар Қарбыз еккен болатынбыз. Оған өзіңіз көктемгі егін жұмыстары кезінде келген кезіңізде куә болған болатынсыз. Көріп тұрғаныңыздай мына бітік өскен өнім, тамшылатып суарудың жемісі. Дәстүрлі суарудан гөрі суға көп үнем, әрі тегіс суарылады.Тамшылатып суарудың тиімділігі сол, біріншіден, су аз шығындалады. Екіншіден, басқа зиянды шөптер дәннің өсіп, күш алып кетуіне кедергі бола алмайды. Бұл технология бойынша су тек керек жерге ғана қажетті мөлшерде тамшылатып беріледі, артық су жіберілмейді. Сол себепті топырақ құнарлылығын сақтап, күннің қызуын мол алады, арам шөп те көп өспей, негізгі дақылға кедергі бола алмайды. Нәтижесінде мол өнім алуға мүмкіндік жасалады. Суды негізінен каналдан су сорғыш қондырғы арқылы алып, көкөніске береді. Ал, бұрынғысынша атыз қазып, арық бойымен су жіберуге қарағанда, тамшылатып суару әдісі суды аз талап ететіндігімен қоса, өнімнің шығымын жақсы береді, деді.

Кәсібін дамытып, еңбегінен зейнет көргелі отырған шаруа қожалық басшысының тапқыр ойлары мен батыл істері өзгелерге сабақ болары анық. Жұмыстың қандайы болсын кірісіп бар ынта-пейіліңмен істесең, түбінде оң нәтижесін берері заңдылық. Елімізде осы әдіс суару жүйесіне көшкен шаруалар саны күн санап арта берер болса, елдің агросаласы жаңа бір белеске шығары анық деген оймен сөзімді аяқтайын.

Қобланды ӘБЕНОВ

АБАЙ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫ ТАЗАЛАНДЫ

Алдыңғы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *