АймақӘлеуметҚоғам

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы республикалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.
Жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ.Құсманғали, «AbaiTV» телеарнасының директоры, Қазахстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы А. Кеңесұлы, «Qazcontent» басқарма төрағасының орынбасары Д. Уәлиханов, «Астана» радиосының директоры С. Танашева, фрилансер, блогерлер және Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының мүшелері қатысты. Сондай-ақ жиында еліміздің «Қоғамдық келісім» мекемелерінің баспасөз хатшылары және аталған өңірлердің бірқатар журналистері, сондай-ақ, Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері болды. Аталған басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов пен мекеменің баспасөз орталығының жетекшісі Сәбит Тастанбек қатысты.
ҚХА Журналистер клубының мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру. Шараға қатысқан журналистер ҚХА қызметін жариялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, этносаралық қатынастардағы ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу мақсатында бас қосты.
Өзінің алғы сөзінде Ғ. Шойкин ҚХА журналистер клубының этносаралық, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін алаң ретіндегі рөліне тоқталды. Ғ. Шойкин отырысқа қатысушыларды этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары, жеткен жетістіктер мен проблемалық мәселелер, этносаралық қатынастарды ақпараттық жариялаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті. Сондай-ақ, спикер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік органдардың этносаралық коммуникацияны дамыту жөніндегі қызметінің өзекті аспектілері мен тетіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттары туралы пікірімен бөлісті.
Пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау, бірлік пен келісімді танымал ету мақсатындағы ақпараттық жобалар туралы, әлеуметтік желілерде ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары туралы мәселелер талқыланды.
Отырыс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІҢ КӨГІНДЕ ДОМБЫРАНЫҢ ҚОҢЫР ҮНІ ҚАЛЫҚТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *