Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 23 маусым күні Христиандық бағыттағы діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен кереғар діни ағымдар мен секталардың идеологияларын алдын алу бойынша семинары өтті.
Аталмыш семинарда дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы -Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, дінтанушы- Ерғазиев Қайрат лекторлардың қатысуымен өтіп, қала аумағындағы кереғар діни ағымдар мен секталардың алдын алу жолдары, тұрғындар арасында ақпараттық ағарту жұмыстарының маңыздылығы бойынша арнайы оқыту жұмыстарын жүргізді.
Шараға 30 христиандық бағыттағы діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Өткен орны: “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і ғимараты. (Түркістан көшесі, 1)
Comments