ЖаңалықтарРуханият

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша семинар-тренингі өтті

Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 24 маусым күні Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша интернет желісінде жауапты болып тіркелген мамандарға және бұқаралық ақапарат құралдары өкілдеріне арналған ақпараттық және оқыту семинар-тренингі өтті.

Аталмыш семинар-тренинг дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы — Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, дінтанушы, теолог — Ұлықбек Алиакбарұлы және Шымкент қаласының дін істері басқармасының бас сарапшы маманы — Жумагулова Ғазиза Өмірзаққызы сынды лекторлардың қатысуымен өтіп, қала аумағындағы кереғар мәселелері бойынша, тұрғындар арасында ақпараттық ағарту жұмыстарының жүйелі жүргізілу жолдары бойынша арнайы оқыту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, осы шарада тағы экстремизм профилактикасын жүргізу тактикасы мен мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеу тәсілдерін үйрену жолдары да түсіндірілді.

Семинар-тренингке жалпы саны 100 интернет желісінде жауапты болып тіркелген мамандар және бұқаралық ақапарат құралдары өкілдері қатысты.

Өткен орны: Шымкент қаласы, Оқушылар сарайы ғимараты

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Алдыңғы

Кереғар діни ағымдар мен секталардың идеологияларын алдын алу бойынша семинары өтті. 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *