Жаңалықтар

ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ, БАЛА – БОЛАШАҒЫМЫЗ

Отбасы – адам бойындағы ізгі қасиеттер қалыптасатын алғашқы орта. Баланың тәрбиесі, үлкенге құрметі, жауапкершілігі мен адамгершілігі ең алдымен отбасындағы қарым-қатынастан басталады.
Қазақстанның жаңа Конституциясының 30-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген. Сондай-ақ балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті ретінде айқындалған.
Бұл норма отбасының қоғамдағы орнын ғана емес, баланың қауіпсіз ортада өсіп, тәрбие алуына ата-ананың жауапкершілігін де көрсетеді.
Түркістан облысында отбасы институтын нығайтуға, балалардың құқықтарын қорғауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық іс-шаралар өткізіліп келеді. Мәселен, Төлеби ауданында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында акция ұйымдастырылған.
Мұндай бастамалар отбасындағы сыйластықты дәріптеуге, қиын жағдайлардың алдын алуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Бақытты отбасы – мейірім мен сенімнің мекені. Балаға қамқорлық жасау арқылы біз қоғамның да болашағына қамқорлық жасаймыз.

Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *