БілімЖаңалықтар

№45 МЕКТЕПКЕ ЖАПСАРЛАС ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов № 45 мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан қосымша құрылыстың жұмыс барысымен танысты. Құрылыс Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақта жүргізілуде.

300 орындық жапсарлас ғимараттың бас мердігері – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-ы. Жоба бойынша мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Әрбір сынып 25 оқушыға шақталған 12 сынып болмақ. Сонымен бірге қосымша 33 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысы наурыз айында басталған нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«AMANAT»: РЕФЕРЕНДУМҒА АТСАЛЫСҚАН БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Алдыңғы

№65 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *