ЖаңалықтарҚоғам

Ұлттық музейде «100 жасаған «Жас Алаш» атты көрме ашылды  

ҚР Ұлттық мұражайында «Жас Алаш» республикалық қоғам-саясы газетінің 100 жылдық мерекесі «100 жасқа толған «Жас Алаш» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараның мақсаты қаншама тарихи оқиғалардың куәсі болып, халқымызбен бірге жасап келе жатқан ең байырғы және беделді республикалық басылымның ғасырлық шежіресін көпшілікке насихаттап, мұрағатта қатталған ескірмес мұраларды, тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайлы мәліметтерді көпшілік назарына жинақтау, газеттің негізін қалап, қоғам алдында беделінің арт аймағы. ұлес қосқан қаламгерлерді еске алу, еңбектерімен таныту, жас ұрпақты оз қасибін сүю мен еңбексүйгіштікке шақыру болып табылды.

Жиынды Қазақстан Республикалар Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Байтілесұлы Құттықтау сөзбен ашып, ұлттың үніне айналған «Жас Алаш» газеті тарихы мен қаламгерлер жайлы о толғады. Сондай-ақ, ҚР Парламенті мүшелерінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, 1986—1994 жылдары «Жас Алаш» газетінде қызмет атқарып, басылымның қазіргі атауын қалыптастыруға еңбек сіңірген Уәлихан Қалижан, қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы, газеттің бас редакторлары Қайрат Мәтірековтер сөз сойлеп, тарихи-құнды деректермен бөлісті. Сондай-ақ, «Абай» атты халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау орталығының атқарушы режиссерлері Аслан Қабылбекұлы қазақтың бас ақыны Абай ұнанбайұлының мұраларын жан-жатапты, нас.

Салтанатты жиын аясында ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Назгүл Қадірімбетова музейге келген қонақтарға алғысын білдіріп, көрме жұмысына сәттілік тіледі.

«Ұлттық журналистиканың ұлағатты ұстаханасы, қазақ қаламгерлерінің қарашаңырағы –«Жас Алаш» газеті оқырманмен қауышқанына 100 жыл толып отыр. Алашқа асыл басылымды, ғасыр жасаған мерейлі межесімен шын жүректен құттықтаймын! «Жас Алаштың» жүріп өткен 100 жылдық жолы — төл тарихымыздың тағылымы, ұлт руханиятының шежіресі. Жас Алаштың тарихы қазақтың, халықтың, қоғамның тағдыры. «Жас Алаш» газетінің 100 жылдық тігісіндісін түгендеген әрбір азамат қазақтың мұңымен, қуанышымен, сүйінішімен сусындайды. Тұңғыш редактор Ғани Мұратбаев бастаған «Жас Алаш» редакциясында көптеген қазақтың көрнекті қаламгерлері қайраткерлік жолын бастады. Оның ішінде Ілияс Жансүгіров, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Ақселеу Сейдімбек сынды тұлғаларымыз еркін ойларын «Жас Алаш» газетінің мінберінен жеткізе білді. «Жас Алаш» газетінің ұжымына шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін. Басылымының ғұмыры мәңгілік болсын!»,-деді Назгүл Нұржанқызы.

Көрмеге газеттің шығу кезеңінен бастап бүгінге дейінгі маңызды деректі мәліметтері мен тарихы, суреттері, қазақ журналистерінің ұлағатты ұстаханасы, жастардың  жан серігі – «Жас Алаш» газетінде  еңбек етіп, қайраткерлік танытқан қарымды қаламгерлердің мақалалары мен кітаптары қойылды.

Тарихи маңызы зор іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері,  музей қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының білім алушылары және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Айта кетейік,1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында негізі қаланған «Жас Алаш» республикалық жастар газетін Түркістан АССР комсомол ұйымы жетекшілерінің бірі Ғани Мұратбаев құрып, Ілияс  Жансүгіров жауапты редактор қызметін атқарған.    Ұлт баспасөзінің дамуына қайраткерлік танытқан Шерхан Мұртаза, Мұхтар  Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сейдахмет Бердіқұлов, Жұмабай Шаштай сияқты көптеген қарымды қаламгерлердің қолтаңбасы  өзінше тарих, өлшеусіз мұра. Сол кезден бастап «Жас Алаш» газетінде  еңбек еткен әрбір тілшінің қоғамда өз орны, нық тұғыры қалыптасты. Елдің үніне айналған басылым шаңырағынан көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, жазушылар мен ақындар, әр салада озық орны бар азаматтар шыққан. Әр жылдары «Жас Қайрат», «Өртен», «Лениншіл жас» атауларымен жарық көрген басылым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап «Жас Алаш» атын иеленді.

 

 

 

 

 

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНДА ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

«АНА ӘЛДИІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *