ЖаңалықтарМәдениет

Қазақконцерт Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұсынады 

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы әр түрлі форматтағы мерекелік іс-шаралар мен музыкалық перформанстарды ұсынады.

Концерттерде қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетеді.

Ұлттық музыка өнерінің жарқын өкілдері 6-маусым күні сағат 19:00-де өтетін «ОТАН АНА» концертінде өнер көрсетеді. Концертке қатысушылар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали бастаған «Халық қазынасы» өнер бөлімінің әртістері мен композитор Бауыржан Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен «Астана сазы» фольклорлық ансамблі. Бұл кеште сіздер ұлтымыздың әуелеген әсем ән, күмбірлеген күй мен жыр жауһарларынан сусындайтын боласыздар.

8 маусым күні сағат 19:00-де елімізге өнерімен танылған талантты жас әншілердің өнерін тамашалауға шақырамыз! «ЖАСТАР ӘНІ» концертінде жаңа авторлық әндер, белгілі халық шығармалары мен заманауи өлеңдер орындалады. Сахнада Гүлсім Мырзабекова, Ерболат Нариманұлы, Ербол Тәжібаев, Салтанат Меңдіғалиева, Рухия Байдүкенова, Гүлнәр Көшенова, Дидар Әбдухалық, «Saz&soul» тобы мен «Меломен» тобы өнер көрсетеді.

Қазақконцерт құрамындағы «Astana musical» мемлекеттік театры да көрермендерді ерекше туындыларымен қуантады. 10 маусым күні Қазақконцерттің үлкен сахнасында атақты әнші Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «РОЗА БАҒЛАНОВА» мюзиклі сахналанады.

16 маусым күні сағат 19:30-да «ШАҢЫРАҚ» музыкалық перформансы өтеді. Барлық көріністер бірліктің символы – киіз үйдің ішінде сахналанады. 30 маусымда «Astana musical» театрының «ДОСТАР СЕРТІ» мюзиклі қойылады. Қойылымға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болмақ. Сонымен қатар әлемдік музыканың шедеврлері мен «Битлз» тобының репертуарындағы туындылар орындалатын болады.

Қосымша сұрақтар бойынша: тел./факс: +7 7172 -70-53-31;

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған гала-концерт өтті

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *