ЖаңалықтарҚоғам

Өз әрекетімен күмән тудырған…

2022 жылдың 4 сәуірінде Шымкент қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметінде 6506 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан жауынгерлеріне «Шымкент Plaza» СО алдында тұрған күдікті азамат көздеріне түседі. Мәселен, жасақтың келе жатқанын байқаған азамат бірден қобалжып өзінің әрекетімен күмән тудырады. Тексеріс кезінде күдіктінің қалтасынан сіріңке қорапшасынан сұр-жасыл түсті арнайылданған иісті өсімдік типті ұсатылған зат табылады.

— Қызмет барысымен бағыттарды тексеріп жүрген едік, кенеттен бір бөгде азамат көзге түседі. Бізді көріп бірден тырысып, қалтасына кішкентай затты салғанындай болады, сөйтіп бірден оны тексере бастадық, деп әскери топ бастығы кіші сержант Абылай Тілеубергенов еске алады. Аталмыш әрекет бойынша тәртіп бұзушы Әл-Фараби ауданының полициялық бөліміне тапсырылып, 296 бап 2 тармағына сай » Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» қызметтік тексерісі тағайындалды.

6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ ТУРНИР

Алдыңғы

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған гала-концерт өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *