Жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ 

Шымкент қаласының әкімі қаладағы каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Бүгінде Еңбекші ауданында орналасқан «Көк», «Чумчак» каналдарында су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын арттыру мақсатында құрылыс қарқын алған.

Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда.   Қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 га егіс алқабы игеріледі.

Қала әкімі аралау барысында қала үшін каналдардың маңыздылығына тоқталып, мердігерлерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

–Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігін арттырады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс, -деді қала әкімі.

Сонымен бірге, қала аумағында 2027 жылға дейін 27 каналды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, тағы 5 мың га егістік жерді айналымға қосу жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АРЫСТА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *